Тілден артық қазына жоқ

Дүние жүзінде бес мыңдай тілдер бар. Қазіргі уақытта көп тіл білу – өмір талабы. Қазақтар “Өнер алды қызыл тіл” деп айтады. Өз ойын шешен тілмен жеткізу білгендерді ерекше бағалайды.
Тілінен айырылған халық ұлттық қасиетінен айырылады. Ол халық ретінде жоғалады.
Қазақ тілі – түркі тілдер тобына жатады. Ол сөз құрылымы жағынан жалғамалы тіл болып табылады. Қазақ тілі өте бай, көркем және әдеби терең тіл.
Бүгінгі күнде Жер бетіндегі адамдардын сөйлесетін тілдердің ішінде он үш тіл ең жие пайдаланатын екен. Бұлар: қытай, ағылшын, үнді, орыс, испан, неміс, француз, бенгал, малайя, португал, итальян, араб тілдері.
Сонымен қатар жылдан-жылға қүрып бара жатқан тілдер де бар. Этнолингвистердің зерттеуі бойынша, дәл қазір қырық алтыға тарта тіл жоғалып кетуге жақын. Себебі, осы тілдерде сөйлейтін не бары бірді-екілі адам ғана қалыпты. Қүрып кеткен эскимостың эян тілінде апалы-сіңлілі екі-ақ әйел сөйлейді екен, яғни бұл тіл осы екі әйелмен кетеді деген сөз. Тіл жлғалса, этнос та жоқ болады.
Канар аралдарының бірінде ысқырықты сан түрге салып құбылту арқылы сөйлесетін тайпа бар екен. Осы тайпаның тіліне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы арнайы шешім қабылдаған. Енді бұл ғажайып “Эльсильбо” тілі мәдениет құндылығы ретінде қорғауға алынған.

About kazakh

Speak Your Mind

Tell us what you're thinking...
and oh, if you want a pic to show with your comment, go get a gravatar!

You must be logged in to post a comment.